8(7162)50-31-21

КГУ «Городская информационно-библиотечная система»
отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта города Кокшетау

Добро пожаловать на сайт
Городской информационно-библиотечной
системы!

Лишь знанием жив человек,
Лишь знанием движется век!
Не говори: «Не могу»
Стремись к познанию душой
Абай Кунанбаев

QR-ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА КОКШЕТАУ

Ерлікпен өрілген өмір!

Мәлік Ғабдуллин Кеңес одағының батыры әрі әдебиет зерттеушісі, жазушы, ғалым. Сан қырлы батырдың бұл еңбектерінен де биік тұратын шыңы-оның азаматтық келбеті.

Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында «Туған өлке» жобасы аясында қазақтың қаһарман ұлы Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналған «Ерлікпен өрілген өмір» атты оқырман конференциясы өтті.

Шараның мақсаты – ел қорғаған ер тұлғаның өнегелі өмірін жас ұрпаққа үлгі ету, отансүйгіштік пен ерлік рухын дәріптеу.

Кешке Мәлік Ғабдуллин музейінің аға ғылыми қызметкері Аягөз Мұратқызы Махметова, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы көпсалалы колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Көгершін Ескендірова, тарих ғылымдарының магистрі Талапкер Уәлиев, «Жарқын Болашақ» бағдарламасының жетекші кураторлары Сайранбек Қали, Диана Болатбекқызы және Тұрсын Аида, сонымен қатар студенттер мен кітапхана оқырмандары қатысты.

Кештің құрметті қонағы әрі негізгі спикері Аягөз Мұратқызы батырдың өмір жолы, соғыстағы ерлігі мен әдебиет пен ғылым саласындағы еңбектері жөнінде тың деректермен бөлісті. Ол Мәлік Ғабдуллиннің тұлғалық болмысына кеңінен тоқталып, жас буынды отаншылдыққа, елжандылыққа үндеді. Шара барысында батырдың соғыстан кейінгі жылдары қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеуге қосқан үлесі айтылып, ұлт руханиятындағы орны ерекше аталды.

Ғабдулиннің көзін көрген аға ұрпақ та өмірден кетіп жатыр. Оның қызы да біраз жасқа келіп қалған. Сондықтан ұлылардың тәлімін алған, жақын араласқан аға-апалардың көкейінде жатқан естелік қазыналарды дер кезінде сақтап қалуымыз керектігі еске салынды.

Кеш соңында кітапхана қызметкерлері «Тұлға тағылымы» атты кітап көрмесін таныстырып, оқырмандарға батырдың өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттерді ұсынды.

Осындай тағылымды кездесулер – ел ерлерін ұлықтап, жас ұрпақтың бойына ел мен жерге деген сүйіспеншілік сезімін ұялататын өнегелі іс екені сөзсіз.
 

 

Дата создания статьи: 10.11.2025

Количество просмотров: 838

Мы в социальных сетях

Контакты

Наш адрес:
город Кокшетау,
ул.Потанина 53

Режим работы:
Пн-Пт: 10:00-19:00
Сб: 10:00-18:00
Вс: Выходной день

Телефон:
8 (7162) 50-31-21

E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru