«BOLASHAQ SARAIY» конференц — залында республикалық «KitapTime» жобасы аясында «Кітап оқу – тұлғалық кемелдікке апарар баспалдақ» тақырыбында оқушы жастардың ақмолалық ақын-жазушылармен кездесуі өтті.
Шараның құрметті қонақтары – белгілі қаламгерлер Серік Жетпісқалиев пен Алмас Темірбай жастармен кітаптың адам өміріндегі маңызы, оқудың тұлғаны, ойлау қабілетін және рухани әлемді қалыптастырудағы рөлі туралы әңгімелесті. «Кітап – тек білімнің көзі ғана емес, ол – жол сілтеуші, ұстаз әрі сенімді дос» – деп атап өтті Алмас Темірбай және жастарды күнделікті кітап оқуды әдетке айналдыруға шақырды. Серік Жетпісқалиев үштілді білім беруді дамыту және қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі әдебиеттерді насихаттау мақсатындағы «100 кітап» жобасы туралы айтып берді. Ол қазіргі заманғы кітапханалардың тек кітап сақтау орны емес, халықтың мәдени және рухани ағартушылығының маңызды орталығы екенін ерекше атап өтті.
Оқудың пайдасы жайлы «AMANAT» партиясы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де өз ойларын білдірді. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледждің қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің студенттері «100 кітап» тізіміндегі шығармалардан алған әсерлерімен бөлісіп, қатысушыларды жаңа әдеби туындыларды оқуға шабыттандырды. «KitapTime» жобасы аясындағы бұл кездесу әдебиеттің адамдарды біріктіретін, дамуға жетелейтін және танымға құштарлықты оятатын күш екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Мұндай шаралар оқырман ұлтты қалыптастыруға, рухани бай, мәдениетті қоғамды дамытуға ықпал етеді.
Мақаланың шыққан күні: 26.09.2025
Қаралым саны: 1255
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru