Красный яр қалалық үлгілі кітапханасында Балалар әдебиеті апталығының ашылуына орай «Кітап – адал дос» атты кітап мерекесі ұйымдастырылды.Мақсаты: балалар әдебиетін насихаттау, балалардың кітап оқуға ынтасын ояту, кітапханаға шақыру.Шараға Красный яр ауылының №3 көпсалалы мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында кітапхана қызметкерлері жолбарыс, барыс, қоян образдарында костюм киіп, кішкентай оқырмандарға көңіл күй сыйлады. Қызықты сұрақ-жауап ойынын ойнап, жұмбақтар шешіп, белсенділік танытқан оқырмандарға тәтті сыйлықтар үлестірілді.
Мақаланың шыққан күні: 05.04.2023
Қаралым саны: 14425
        Мекен–жайы:
        Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй    
        Жұмыс уақыты:
        Дс-Жм: 10:00-19:00
        Сн: 10:00-18:00
        Жк: Демалыс күн    
        Телефон:
        8 (7162) 50-31-21
    
        E-mail:
        mbo_gibs_kokshetau@mail.ru