10 қазан күні Электронды кітапхана жанынан құрылған «Темірқазық» әдеби ұйымы Республика күніне орай “Мен елімнің ертеңімін” атты жыр марафонын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: Студенттер арасында патриоттық сезімді қалыптастыру, бойындағы ақындық талантты одан әрі шыңдау, қазақтың ақын-жазушыларының өлеңдері мен шығармаларын қалың оқырманға насихаттау. Марафон барысында қатысушылар Республика күніне 1 өлең, еркін тақырыпта 1 өлең оқыды. Жыр марафонының қорытындысы бойынша Ш. Уәлиханов атындағы КУ «Физика» мамандығының 3 курс студенті Қуанбаев Алишер 3 орын, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық Қорғаныс Академиясының 4 курс студенті Баткулов Алишер 2 орын алса, бәрінен оқ бойы озып, өлеңімен де, оқу техникасымен де ерекше көзге түскен Ш. Уәлиханов атындағы КУ «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні» мамандығының 2 курс студенті Тасшабай Закида 1 орын алды. Қатысушылардың барлығы мадақтама және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жыр марафонының демеушісі Ақмола облысы «Жастар-ресурстық орталығы».
Мақаланың шыққан күні: 10.10.2023
Қаралым саны: 9536
| Дс | 10:00-19:00 |
| Сс | 10:00-19:00 |
| Ср | 10:00-19:00 |
| Бс | 10:00-19:00 |
| Жм | 10:00-19:00 |
| Сн | 10:00-18:00 |
| Жк | Демалыс күн |
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сн | Жк |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
| 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
| 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
| 29 | 30 | 31 |   |   |   |   |
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru