Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі КММ басшысының міндетін атқарушы: Қуаныш Ерғалиұлы Оспанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауын толық тыңдап өз пікірін білдіреді: «Ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге сатуға және жалға беруге толық тыйым салатын құжатқа қол қойдым» деген сөзі исі қазақты қуантатын сөз деп білем. Сондай-ақ агро-өнеркәсіп кешеніне қатысты айтқандары еліміздің дамуына оң өзгерістер әкеледі деп сенеміз. Биылғы Батыс Қазақстандағы қуаңшылық пен ауылдағы ағайынның жай-күйіне байланысты атын атап түрін түстемесе де, малшарушылығына қатысты айтқандары көп дүниеден хабардар екенінен және соның салдарын жою үшін шаралар қабылдап жатқанын аңғартатындай.

Мақаланың шыққан күні: 02.09.2021
Қаралым саны: 23469
        Мекен–жайы:
        Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй    
        Жұмыс уақыты:
        Дс-Жм: 10:00-19:00
        Сн: 10:00-18:00
        Жк: Демалыс күн    
        Телефон:
        8 (7162) 50-31-21
    
        E-mail:
        mbo_gibs_kokshetau@mail.ru