Красный яр қалалық үлгілі кітапханасында «Рухым асқақ!» жыр марафоны ұйымдастырылды. Іс-шараға Желтоқсан оқиғасының қатысушылары Сейтмаганбет Каирбай Мажітұлы, Қарабатыров Сайранбек Ағзамұлы, Суюндыков Ерболат Беркінбайұлы, Исенов Ибрагим Исенгулович, кітапхана оқырмандары қатысты.Шара барысында желтоқсан оқиғасы жайлы деректі сюжет көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. - Желтоқсан оқиғалары - еліміздің тәуелсіздік жолындағы маңызды кезеңдерінің бірі. Сол кезде алаңға шыққан қазақ жастарының арманы — Тәуелсіз елдің іргетасын қалау, - деп атап өтті Сайранбек Қарабатыров.- Желтоқсан оқиғалары тәуелсіздік жолының бастауы болды. Қазіргі жас ұрпақ осыны есте сақтап, өз елінің тарихын білуі тиіс, — деді Ерболат Сүйіндіков жастарға арнаған сөзінде.Шарада Красный яр ауылының орта мектеп оқушылары осы тақырыпқа арналған өлеңдер оқды.
Мақаланың шыққан күні: 11.12.2024
Қаралым саны: 3352
        Мекен–жайы:
        Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй    
        Жұмыс уақыты:
        Дс-Жм: 10:00-19:00
        Сн: 10:00-18:00
        Жк: Демалыс күн    
        Телефон:
        8 (7162) 50-31-21
    
        E-mail:
        mbo_gibs_kokshetau@mail.ru