Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзi шыдамды болады. Бiздiң ата — бабаларымыз «Тәнi саудың — жаны сау»- деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрiмен айналысу адамның қабiлетiне байланысты болады. Застанциондық қалалық үлгiлi кiтапхананың «Жан дауа» денсаулық клубында «Шынықсаң шымыр боларсың» атты дене сергiту өттi. Iс-шараның қонақтары «№1 отбасылық денсаулық орталығы», Застанциондық кентiнiң №1 емнасының жалпы практика дәрiгерлерi Батколлин Жанат маратұлы және жалпы практика дәрiгерi Калыбаев Тилеугабыл Жолдасұлы «Жан дауа» клубының қатысушыларына салауатты өмiр салтының алдын алу туралы айтып, тәжiрибесiнең мысалдар келтiрдi. Iс-шара қонақтары «Жан дауа» клубының қатысушыларымен дене сергiту өткiздi. Өмiрiмiз — өз қолымызда. Бiздiң бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмiр бiр- ақ рет берiледi. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күштi болғаны абзал! Жаңа ғасыр азаматы — денi сау, рухани бай адам!


Мақаланың шыққан күні: 09.06.2021
Қаралым саны: 26036
        Мекен–жайы:
        Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй    
        Жұмыс уақыты:
        Дс-Жм: 10:00-19:00
        Сн: 10:00-18:00
        Жк: Демалыс күн    
        Телефон:
        8 (7162) 50-31-21
    
        E-mail:
        mbo_gibs_kokshetau@mail.ru