8(7162)50-31-21

КГУ «Городская информационно-библиотечная система»
отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта города Кокшетау

Добро пожаловать на сайт
Городской информационно-библиотечной
системы!

Лишь знанием жив человек,
Лишь знанием движется век!
Не говори: «Не могу»
Стремись к познанию душой
Абай Кунанбаев

QR-ЭЛЕКТРОННАЯ БИБЛИОТЕКА КОКШЕТАУ

«Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші»

10 желтоқсан күні «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана №1 мектеп –гимназиясының акт залында «Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты тарихи сағат ұйымдастырды.

Мақсаты: Оқушылардың тарихи танымдары мен сана-сезімдерін ояту, ұлттық болмысымызды насихаттап, ел бірлігінің кепілі руханиятқа жеткізетінін ұғындыру.

Қазіргі жаһандану заманында өзінің ұлттық бірегейлігін терең ұғынған, соған орай қи­мылдайтын халық қана алпауыт мем­лекеттердің жемсауында кетпей, тарих сахнасында сақталып қала алады. Кезінде Ә. Бөкейханов: «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға бейім тұрады…», деп жазған болатын. Шараның құрметті қонағы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Сейтқасымов Аманбай Асылбайұлы жас ұрпаққа тарих – тәр­бие­ші, ұлт­­тың бағдаршамы, жол сілтеушісі екендігін ұғындырып, бағдары жоқ ел де, оның азаматтары да тарих айдынында компас­сыз жүргендермен тең екендігіне тоқталды. Жоғары буын оқушыларына та­рих­тың бетін қал­қы­май, оған тереңірек үңілуге, тәуелсіздікті қадірлей білуге шақырды. Тәуелсіздік жылнамасы туралы мағлұмат берді.

Кітапханашылар тақырыптық көрмеге шолу жасады.

Дата создания статьи: 11.12.2025

Количество просмотров: 938

Мы в социальных сетях

Контакты

Наш адрес:
город Кокшетау,
ул.Потанина 53

Режим работы:
Пн-Пт: 10:00-19:00
Сб: 10:00-18:00
Вс: Выходной день

Телефон:
8 (7162) 50-31-21

E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru