8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА!»

9 тамыз күні Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі «Абайды оқы, таңырқа!» атты поэзия кешін ұйымдастырды.

Шараның мақсаты: ұлы ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттап, сол арқылы олардың бойларына туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту.

Кешті қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры, ақын-жазушы Серік Сапарұлы Жетпісқалиев жүргізіп, іс-шараға Көкшенің зиялы қауым өкілдері, атап айтқанда Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, өлкетанушы Мұсатай Ғалымұлы, Көкшетау қаласының   мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күнім Әбдісалыққызы Оразбаева, 5510 әскери бөлімнің қызметкерлері, сарбаздары, Красный Яр ауылының № 1, 2 мектеп, №14 ЖББМ оқушылары, «Достар» МС-ның әншілері, кітапхана, оқырмандары қатысты.

Шарада кітапхана қызметкерлерімен Абай залына экскурсия ұйымдастырылып, Абай мұрасын насихаттау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары жайлы баяндалды. Сонымен қатар кітапхана оқырмандары мен қатысушылар назарына, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар ұсынылып, талқыланса, Красный Яр ауылының № 1 мектеп оқушысы Сашкақызы Ұлболсын, № 2 мектеп оқушысы Тілеген Дәнеш, №14 ЖББМ оқушылары Аман Нурали, Нұркен Мансұр ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. «Достар» МС- ның әншілері Абайдың әндерін нақышына келтіре орындап, кеш шырайын кіргізді.

Абай мұрасы – парасатты пат­риотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан әлем таныған Абайдың рухани қазынасынан сусындау әр қазақтың парызы.

Мақаланың шыққан күні: 02.09.2024

Қаралым саны: 785

Біз әлеуметтік желідеміз