9 тамыз күні Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі «Абайды оқы, таңырқа!» атты поэзия кешін ұйымдастырды.
Шараның мақсаты: ұлы ақынның шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттап, сол арқылы олардың бойларына туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін ояту.
Кешті қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры, ақын-жазушы Серік Сапарұлы Жетпісқалиев жүргізіп, іс-шараға Көкшенің зиялы қауым өкілдері, атап айтқанда Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, өлкетанушы Мұсатай Ғалымұлы, Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күнім Әбдісалыққызы Оразбаева, 5510 әскери бөлімнің қызметкерлері, сарбаздары, Красный Яр ауылының № 1, 2 мектеп, №14 ЖББМ оқушылары, «Достар» МС-ның әншілері, кітапхана, оқырмандары қатысты.
Шарада кітапхана қызметкерлерімен Абай залына экскурсия ұйымдастырылып, Абай мұрасын насихаттау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары жайлы баяндалды. Сонымен қатар кітапхана оқырмандары мен қатысушылар назарына, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндамалар ұсынылып, талқыланса, Красный Яр ауылының № 1 мектеп оқушысы Сашкақызы Ұлболсын, № 2 мектеп оқушысы Тілеген Дәнеш, №14 ЖББМ оқушылары Аман Нурали, Нұркен Мансұр ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. «Достар» МС- ның әншілері Абайдың әндерін нақышына келтіре орындап, кеш шырайын кіргізді.
Абай мұрасы – парасатты патриотизмнің мектебі, елдікті қадірлеудің негізі. Сондықтан әлем таныған Абайдың рухани қазынасынан сусындау әр қазақтың парызы.
Мақаланың шыққан күні: 02.09.2024
Қаралым саны: 815
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru