8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«АҚҚАН ЖҰЛДЫЗ»

«Достар» мәдениет сарайында «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхананың «Кітапхана және Жастар» жобасы аясында Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың   190 жылдығына орай «Аққан жұлдыз» тақырыбында оқырман конференциясы өткізілді.

Шара мақсаты жастарға Шоқан Уәлихановтың ғылыми және мәдени мұрасының маңыздылығын ұғындыру, ғылымға деген қызығушылықтарын арттыру болып табылды.

Оқырмандар конференциясы жұмысы аясында қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстаннан шыққан демократ, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, ағартушы туралы «Шоқаны бар ел - шоқтығы биік ел», «Шоқантану: тарихы, қазіргі жағдайы және келешегі», «Ш.Уәлиханов және қазақ әдебиеті» тақырыптарында баяндамалар оқылып, «Шоқтығы биік - Шоқан» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тарих, география және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға-оқытушы, тарих магистрі Амангелді Әскербекұлы Шапкенов жастарға көпсалалы Шоқантану ғылымы жайлы баяндаса, профессор, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Жәмбек ғалымды қазақ халқының әдебиетін талдап, топтастырып, оған өз тарапынан құнды пікір айтқан тұңғыш оқымысты, әдебиет зерттеушісі ретінде танытты. Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы, жазушы, ақын Серік Сапарұлы Жетпісқалиев сан-қырлы дарын иесінің шығармашылығы, әдебиеттегі орны туралы ой қозғады.

Электрондық кітапхана меңгерушісі Нұрлан Олжабайұлы Қстаубай   Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романы арқылы жастарға оның қайраткерлігін үлгі етті. Студенттер шығарма туралы және туған елінің мәдениетін, әдебиетін тұңғыш зерттеген ғалымның көп қырлы шығармашылығы туралы өз пікірлерін ортаға салды.

 

Мақаланың шыққан күні: 17.02.2025

Қаралым саны: 215

Біз әлеуметтік желідеміз