8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ӘЛЕУМЕТТІК ИНТЕГРАЦИЯ: ҚАЗАҚСТАН АРНАЙЫ КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ЖАҢА ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН ЖОБАЛАРЫ»

13 қараша - Халықаралық зағиптар күніне орай, Зағип және нашар көретін азаматтарға  арналған республикалық  кітапханасының ұйымдастыруымен   zoom платформасында «Әлеуметтік интеграция: Қазақстан арнайы кітапханаларының жаңа перспективалары мен жобалары»  атты республикалық онлайн семинарына Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы Серік Жетпісқалиев және Зағип және нашар көретін азаматтардың қалалық арнаулы кітапханасының қызметкерлері, сонымен қатар Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы көпсалалы колледжінің арнайы пәндердің оқытушысы Гүлнарай Жексенбаева және  «Орыс тілі мен әдебиетінің мұғалімі»  факультетінің 2 курс студенті Яловенко Артур  қатысты.Семинар Қазақстан Республикасында арнайы кітапханалар желісінің құрылғанына 55 жыл толуына және көру қабілеті нашар адамдарға арналған қазіргі заманғы нүктелі-бедерлі жазу жүйесінің негізін қалаушысы, француз тифлопедагогі Луи Брайльдің туғанына 215 жылдығына арналды.  Шарада Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің басшысы С.С.Жетпісқалиев құттықтауын білдірді. ҚР Президеті Қ.Тоқаевтың осы жылдың наурыз айында Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайында кітапхана, кітап, кітап оқу мәдениеті  туралы айтқан оң пікірі біздің жұмысымызға үлкен  құлшыныс әкелді, жаңа ізденістерге жол ашты,- деді Серік Сапарұлы өзінің құттықтау сөзінде. Көпсалалы колледж оқытушысы Г.К.Жексенбаева «Социальные проекты в образовательном процессе» тақырыбында, студент А.Яловенко «Социальное партнерство с библиотекой. Проект Говорящая книга» атты баяндамалар оқыды. Баяндамаларда Көпсалалы колледжі мен Арнаулы кітапхананың  зағип оқырмандарға арналған бірлесе жасаған жобалары, өткізілген іс шаралар туралы айтылды. 

Мақаланың шыққан күні: 13.11.2024

Қаралым саны: 667

Біз әлеуметтік желідеміз