8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Әлем таныған Ұлы Абай» әдеби-сазды кеш

Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесi Абай күнiне орай «Әлем таныған Ұлы Абай» әдеби-сазды кеш ұйымдастырылды.

Мақсаты: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы туралы тереңiрек мәлiмет беру, өмiр жолы мен шығармашылығын таныту, адамгершiлiкке тәрбиелеу, Абай ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету. Ұлы ақынның өнегелi өмiрiмен таныстыру, шығармаларына шолу жасау.

Шараға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң, филология ғылымдарының  кандидаты, оқытушы Сәбит Жәмбек, Қазақстан жазушылары одағының мүшесi,ақын, философия ғылымдарының докторы Ерболат Баятұлы, Қалалық мәдениет, тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң басшысы Күнiм Әбдiсалыққызы Уразбаева және кiтапхана оқырмандары қатысты.

Сонымен қатар «Достар» МС-да «Абай мұрасы — асыл қазына» атты кiтап көрмесi ұйымдастырылды. Көрмеге кiтапхана қорындағы қазақтың жазба әдебиетiнiң негiзiн қалаушы, ойшыл ақыны, данышпаны, бiртуар перзентi Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың әдебиеттермен қатар баспасөз беттерiнен материалдар қойылды.

«Әлем таныған Ұлы Абай» әдеби-сазды кеш «Әлем таныған Ұлы Абай» әдеби-сазды кеш

Мақаланың шыққан күні: 10.08.2022

Қаралым саны: 13382

Біз әлеуметтік желідеміз