8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Астана: кеше және бүгін»

Бiрлiк модельдiк қалалық кiтапханада Астана күнiне «Астана: кеше және бүгiн» атты iс-шара өттi. Мақсаты: Сарыарқаның төсiнде орналасқан жаңа қаланың өткен тарихына тоқталып, 20жыл iшiндегi АСТАНАНЫҢ дамуын, дыбысталған бейне көрiнiс арқылы көрсетiп, шолу жасау. оқырмандарды әсем қаламыз Астанамен таныстыру, Отан туралы бiлiмдерiн толықтыру; Отанға деген сүйiспеншiлiктi арттыру, патриоттық сезiмге тәрбиелеу. Астана арқылы егемендi елiмiздiң қарышты даму қарқынын бүкiл әлемге паш ету. Бүгiнгi Елордамыз Түркi әлемiнiң астанасына айналып отыр. Бiз тәуелсiздiкке қол жеткiзу арқылы мәдениетiмiз бен салт- дәстүрiмiздi, дiнiмiздi, тiлiмiздi қайта өркендеттiк. Тәуелсiздiгiмiздiң рәмiзi саналатын әнұранымызды, туымызды, елтаңбамызды және төл теңгемiздi сайладық. Астана мерекесiне орай кiтап көрмесi «Асқақтай бер, Астана!» 20 жыл арасындағы жетiстiктерiн, әсiресе соңғы кезде жер қойнауынан табылып жатқан археологиялық, тарихи ескерткiштерiн көрермен назарына ұсынылса, бұрынғы Ақмола қаласының тарихына, қазiргi күнi, елордамыз Астананың, Астананың 20 жылдың iшiнде жеткен жетiстiктерi мен бағындырған асуларын көпшiлiк қауымға деректi фильм арқылы, саяхатқа шықты. Астана мерекесiне қарсы балалар Файзолла Лаура, Фазылова Мөлдiр, Жаслан Алиби және Бескемпiрова Мадина өлен оқып, ән салды. Келген көрермендер қауым тамаша әсер алды.

Мақаланың шыққан күні: 05.07.2017

Қаралым саны: 52178

Біз әлеуметтік желідеміз