8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«БАЛА ТІЛІН ТАПҚАН ҚАЛАМГЕР»

3 сәуір күні Орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында Ұлттық кітап күні аясында Серік Жетпісқалиевтің 65 жылдығына орай «Бала тілін тапқан қаламгер» атты жазушының бенефисі өткізілді.

Мақсаты: қаламгердің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру. Іс – шараға қаламыздың қаламгер ақын жазушылары қатысты.

Құттықтау сөз кезегінде Көкшетау Мәдениет және спорт, тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Күнім Әбдісалыққызы құттықтап, сыйлығын табыс етті. Шараға келген қаламгер достары Сәбит Жәмбек, Қайырбай Төреғожа, Аманбай Асылбаевич, Сәрсенбай Хасенов және де Ақмола облысының «Аманат» партиясының төрағасы Берген Маратұлы Беспалинов өзінің жылы құттықтауын білдірді.

«Қайнар» аулалық клубының «Күмбірлі домбыра» ансамблі өздерінің домбыраның сүйемелдеуімен қазақтың тәтті күйлерін орындады.

Мақаланың шыққан күні: 23.04.2025

Қаралым саны: 877

Біз әлеуметтік желідеміз