8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«БІРЖАН САЛ – ҚАЗАҚ ӘН — ЖЫРЫНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ»

Өскелең ұрпақты қазақ даласын әсем әнімен тербеп, артына өлмес мол мұра қалдырған қазақ халқының әйгілі сазгері, әнші, ақын Біржан Қожағұлұлының шығармашылығымен таныстыру, оның халқына қалдырған мол мұрасын насихаттау, дәстүрлі ән өнерін бағалай білуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында "Салтанат" сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапханасы Біржан Қожағұлұлының 190 жылдығына орай "Біржан сал — қазақ ән-жырының шамшырағы" тақырыбында әдеби-музыкалық композиция өткізді.                                                                         

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Сәбит Нұрмағанбетұлы Жәмбек, Ақмола облыстық филармониясының дәстүрлі әншісі Сәрсенбай Хасенов №1 мектеп — гимназиясының 8 сынып оқушыларына Біржанның бір бойында тоғысқан әншілік, айтыскерлік, ақындық өнері мен сал-серілік қасиеті туралы әңгімелеп берді.                                                                                                               

Алтын қордағы асыл дауыстарды түгендеп, зерттеп бүгінгі һәм келешек буындарға тыңдатып, тарату сынды маңызды шаруаны қолына алып, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырайдың өмірін зерттеп, шығармашылығын насихаттап жүрген дәстүрлі әнші Сәрсенбай Хасенов Біржан әндерін тамылжыта орындап, оның асқан дарындылығын ұлағаттады.                                                     

Шара соңында Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің 2-курс студенті Төлеубай Райымбек қадірді қонақтар құрметіне Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін орындады. Жас ұрпақты жігерлендіріп "Қазақ осы" әнін шырқады.                                                                                       

Кітапханашылар Біржан салдың шығармашылығына арналған кітап көрмесімен таныстырды. Елі ардақтап, халқы қадірлеген Біржан салдың сан қырлы өнері жастарға ғасырлар бойы рухани азық болып қала береді.

Мақаланың шыққан күні: 17.04.2024

Қаралым саны: 173

Біз әлеуметтік желідеміз