8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай «Достар» МС жанындағы қалалық үлгілі кітапханада «Елімнің еркіндігі — Ата Заң!» атты дөңгелек үстел өткізілді

Кітапхананың қызметкері Г.Н. Бодаубай ісшара тақырыбына арналған кітап көрмесімен таныстырылды.

Ісшара барысында, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің құқық кафедрасының оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Наурызбаев Ерлан Амагельдіұлы, Қадыржан Бейбарыс Арнурұлы — 5510 әскері бөлімі аға лейтенант, Төлепбергенов Ғалымтай Мәлікұлы — Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің тарих пәнінің оқытушысы өзінің баяндамаларын оқыды.

Сонымен қатар, «Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» бас маманы Ерік Мұратбекұлы ісшара қонақтарын құттықтады.

Іс-шара соңында «Достар» МС шығармашылық тобы өз өнерлерін көрсетті.

Мақаланың шыққан күні: 26.08.2025

Қаралым саны: 6

Біз әлеуметтік желідеміз

Байланыстар

Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй

Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн

Телефон:
8 (7162) 50-31-21

E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru