8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Қазақ поэзиясының сыршыл жыршысы – Еркеш Ибраһимге 95 жыл

Бүгін қалалық қазақ кітапханасында «Туған өлке» жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, сезім мен сұлулықтың нәзік жыршысы – Еркеш Ибраһимнің 95 жылдығына арналған «Жырлары Сарыарқаның самалындай» атты тағылымды әдеби кеш болып өтті.

Кеш барысында оқырмандар ақынның тағдырлы өмір жолымен, нәзік лирикасымен, туған жердің көркем келбетін жырға қосқан сыршыл туындыларымен танысып, оның қазақ поэзиясына қосқан өлшеусіз үлесі туралы тың мәліметтер алды.

«Жыр жауһары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға ақынның шығармалары мен өміріне қатысты құнды деректер ұсынылды.

Кеш барысында оқырмандардың жүрегіне жол табатын әсерлі әңгімелер, ойлы пікірлер мен қызықты деректер айтылып, Еркеш жырларының көркемдік қуаты жан — жақты ашылды.

Ақынның өмір жолына тоқталған өлкетанушы Мұсатай Ғалым Еркеш Ибраһимнің балалық шағындағы ауыр кезеңдерді, Атбасардағы балалар үйінде өсіп, ер жеткенін, әдебиетке ерте араласқанын айтып, тың деректер ұсынды.

Филология ғылымдарының кандидаты, профессор-ассистент Аян Қажыбай Төлегенұлы Еркеш Ибраһимнің шығармашылық әлеміне кеңінен тоқталып, оның поэзиядағы орны, Көкше табиғатын жырға қосқан көркемдік шеберлігі туралы әсерлі пікір білдірді.

Студенттер ақынның «Кербезім», «Оқжетпес», «Махаббат жалыны», «Қайран табиғат» секілді өлеңдерін мәнерлеп оқып, кештің көркін келтірді. Ал Облыстық филармония әншісі Сәрсенбай Хасенов Еркеш Ибраһим сөзіне жазылған әндерді орындап, рухани кешке ерекше сән берді.

Осындай мазмұнды да мәнді рухани шаралар жас ұрпаққа қазақ поэзиясының інжу-маржандарын танытып, ұлттық әдебиетіміздің тағылымын дәріптеуге мүмкіндік береді.

Кешке жиналған қауым Еркеш Ибраһимнің жырлары арқылы Сарыарқаның сұлу табиғатын, Көкшенің кербез бейнесін, ақын жүрегінің мөлдір сезімін тағы бір мәрте тереңінен сезінді.

Мақаланың шыққан күні: 10.12.2025

Қаралым саны: 61

Біз әлеуметтік желідеміз

Байланыстар

Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй

Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн

Телефон:
8 (7162) 50-31-21

E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru