Желтоқсан айының жетiншi жұлдызында «Достар» мәдениет сарайында елдiң мақтанышы мен құрметiне ие болған бiртуар азамат, ақын, прозаик, драматург, публицист, Төлеген Сыздықұлының мерейлi 75 жасқа толуына орай «Көкшенiң көксеңгiрi» атты әдеби-сазды кешi өткiзiлдi. Қазақстан Республикасына еңбегi сiңген мәдениет қызметкерi, Көкшетау қаласының құрметтi азаматы, жазушылар одағының мүшесi Төлеген Қажыбаевтың есiмi тек Көкше өңiрiне ғана емес байтақ елiмiзге белгiлi. Поэзия мен проза жанрына қатар қалам тербеген қаламгер республикалық, облыстық, мерзiмдiк баспасөз беттерiнде де ұлт, тiл тағдыры, қоғамдық өмiрге байланысты мәселелелiк мақалаларымен де оқырмандарын қуантып келедi. Жарты ғасырдан астам әдебиет айдынында еркiн жүзiп, поэзия, проза, драматургия саласында қалам қауырсынын қару еткен қаламгер, сонымен қатар ақылы асқақ абзал әке, немерелерiнiң ортасында мәуелi бәйтеректей болып отырған, қажымас қара нардың нағыз өзi бiздiң Қажыбаев Төлеген ағамыз.
«Достар» МС-ның фойесiнде қонақтар назарына Т.Қажыбайдың шығармашылығынан «Жырлары жеткен жүрекке» тақырыбында ұйымдастырылған кiтап көрмесi ұсынылды. Әдеби-сазды кеш Төлеген Сыздықұлына арналған бейнероликтен бастау алды.
Алғашқы құттықтау сөз Көкшетау қаласы мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Сәбитова Айгүл Баубекқызна берiлiп, ол ақынның шығармашылық өмiр жолында еңбексүйгiштiк, қоғамдық белсендiлiкпен ерекшеленiп, нағыз азаматтық қасиеттерге ие iрi тұлға ретiнде халықтың игiлiгiне бөленiп, отырған абырой-беделiн атап өттi.
Кездесуге үзеңгiлес қаламгерлер, журналистер қауымы, жора-жолдастары және әдебиет сүйер қауым қатысып, мерейтой иесiне iзгi тiлектерiн бiлдiрдi: Ақмола облысының ардагерлер кеңесiнiң мүшесi Ғосман Төлеғұл, Сал серiлердiң iзбасары, ақын — сазгер Иран Сал Тасқара, Бiрге жүрген жолдасы, замандасы Көкшетау қаласының құрметтi азаматы, қағам қайраткерi Көшiмбаев Болат Ахметжанұлы, Әдебиеттанушы ғалым, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң оқытушысы Сәбит Жәмбек, ақын, жазушы, журналист Алмас Темiрбай. Дүйiм елдiң мақтанышы мен құрметiне ие болған абзал ағамыздың мерейтолық кешiн ақын, қалалық «Көкшетау» газетiнiң бас редакторы Серiк Жетпiсқалиев жүргiздi.
Сахнада мерейтой иесi Төлеген Қажыбаевтың сөзiне жазылған, әндер орындалды.
Мақаланың шыққан күні: 06.12.2017
Қаралым саны: 51279
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru