8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Абай әдеби орталығы

24 қаңтар күнi сағат 11.00 Қалалық ақпараттық кiтапхана жүйесiнiң ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақтың бас ақыны, ұлы ойшылы, өлең-сөздiң патшасы хәкiм Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай «Ұлы ақынның ұлағаты» атты Абай әдеби орталығы Қалалық үлгiлi қазақ кiтапханасында ашылды. Шара жүргiзушiсi ақын Мұхамед Қонқаев Ұлы ақынның «Мен бiр жұмбақ адаммын» өлеңiмен ашты. Сонымен қатар кең ауқымды кiтап экспозициясы бiрнеше бөлiмдерден тұратынын оқырманға жеткiздi. Бiрiншi бөлiм «Абайдың дүниетанымы» Хәкiм Абайдың балалық шағы, өмiрi жолы, Ұлы ғұламалардың Абайға арналып жазған дәйек сөздерi туралы Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекттiк Университетiнiң оқытушысы, Абайтанушы Аманжол Ыдырысұлы баяндап бередi. Екiншi бөлiм «Жүрегiмнiң түбiне терең бойла» ақынның барлық шығармалары, «Қара сөздерi» туралы кiтапханашы Ерден Нұрахмет, үшiншi бөлiм «Абай мұрасы мәңгiлiк» Абайтанушы, жазушылардың Абай туралы жазған шығармалары, мақалалары,зерттеулерi, аудармалары жайында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттiк университетiнiң профессоры, филология ғ.к. Сәбит Жәмбек баяндап бердi.

Iс—шарада Ш.Уәлиханов атындағы Мемлекттiк Университетiнiң оқытушысы, Абайтанушы Аманжол Ыдырысұлы, Көкшетау қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң басшысы Айгүл Баубекқызы Сабитова, Қоғам қайраткерi Айдос Әбуталипов, орталықтың ашылуымен құттықтап, игi тiлектерiн айтты. Көкшетау Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжi оқытушысы Заманбекова Алия Заманбекқызы, , «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БА институтының инновациялық бiлiм беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Ботакөз Камзонова Ұлы ақынның әндерiн оқырманға сыйға тартты. Сонымен қатар шара барысында жас кiтапханашылары Хәкiм Абайдың жырларынан әдеби композиция ұсынды.

Мақаланың шыққан күні: 24.01.2020

Қаралым саны: 33253

Біз әлеуметтік желідеміз