8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Рухы – жыр, қара сөз құдіреті» әдеби-поэзиялық кеш

Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында ақиық ақын Төлеген Айбергеновтың 85 жылдығына орай «Рухы – жыр, қара сөз құдіреті» атты әдеби- поэзиялық кеш болып өтті. Шарада поэзия сүйер қауымға «Айбергенов әлемі» бейнефильмінен үзінді көрсетіліп, ақынның қаламынан туған өлеңдері оқылды. Шараға қатысушылар деректі фильм арқылы ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы құнды мәліметтермен танысты. Сондай- ақ кітапхана қорындағы кітаптардан кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылды. Көрмеге: «Арман сапары», «Өмірге саяхат», «Құмдағы мұнаралар» «Мен саған ғашық едім», «Аманат» «Бір тойым бар», т.б кітаптары қойылды. Ақиық ақын бар болғаны 30 жыл өмір сүрді. Осыншама аз ғана ғұмырында ұлттық әдебиетімізде өшпестей із қалдырған оның өлеңдері, талай сахналарда оқылып жүр, әлі де оқыла бермек деген жақсы ойлар айтылды.

Мақаланың шыққан күні: 14.03.2022

Қаралым саны: 12280

Біз әлеуметтік желідеміз