Ереже
1.Жалпы ережелер
1.1. Республикалық мәнерлеп оқу интернет-байқауы Ж.Жабаевтың 175 жылдығын мерекелеу аясында өткізіледі.
1.2."Халықтан шыққан дана ақын" атты мәнерлеп оқу байқауы Ж.Жабаевтың шығармашылығын дәріптеу, рухани мәдениетті арттыру, патриоттық тәрбие беру, жасөспірімдердің поэзияға қызығушылықтарын ояту мақсатында өткізіледі.
Байқаудың міндеттері:
- қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға жәрдемдесу, отандық әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру;
- патриоттық сезімді тәрбиелеу;
- оқуға деген қызығушылықтарын ояту;
- әдеби және көркем талғамға тәрбиелеу;
- оқу мәдениетін қалыптастыру;
2. Байқаудың мазмұны
2.1. Әрбір қатысушы Ж. Жабаевтың бір өлеңін мәнерлеп оқып бейнежазба форматында жолдайды.
Конкурстың құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары
Конкурстың құрылтайшысы Көкшетау қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен "Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі"КММ
Қатысушылар
Байқауға 14 пен 20 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады.
Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар:
5.1. Байқауға ұзақтығы 3 минуттан аспайтын Ж.Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқудың бейнежазбасы (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі бір шығарма) қабылданады.
5.2. Бейнежазба 16x9, MP4 тік форматта болуы керек, онда автордың бейнесі және орындалатын шығарманың атауы немесе бейненің басындағы мәтіндік титр немесе бейнеге түсініктеме болуы керек.
5.3. Бейнетүсірілім бейнекамераны өшірмей және тоқтатпай, туындыны орындаудың басынан аяғына дейін жүргізілуі тиіс.
5.4. Мәнерлеп оқу кезінде бейнежазбада орындаушының беті анық көрінуі керек.
5.5. Сапасы төмен бейнежазба байқауға қатысуға жіберілмейді.
5.6. Бейнежазбада логотиптер немесе басқалардың жарнамасы болмауы керек.
Интернет-байқау жұмыстарына қойылатын талаптар
- Таңдалған өлеңнің байқау тақырыбына сәйкестігі;
- Мәнерлеп оқу шеберлігі;
- Түсірілімнің сапасы;
- Бейнежазба ұзақтығы 3 минуттан аспауы керек.
6.2. Интернет-байқауға бейнежазба жібере отырып, қатысушы өзінің бейнежазбасы мен аты-жөнінің, жас мөлшерінің көпшілікке жариялануына келісім береді.
Конкурсты өткізу мерзімі мен орны
Байқау бір кезеңде өткізіледі. Байқауға қатысуға өтінімдер мен бейнежазбалар 2021 жылғы 18 қаңтары мен 18 ақпан аралығында mbo_gibs_kokshetau@mail.ru электрондық мекен-жайына жолдануы керек. Немесе Көкшетау қаласы, Момышұлы көшесі 41 мекен-жайы бойынша Орталық қалалық балалар мен жасөспірімдер үлгілі кітапханасында қабылданады.
Байқауға қатысушылар ұсынатын қажетті мәліметтер:
Қатысушының аты-жөні | туған жылы | мекен-жайы | оқу орны | байланыс телефоны |
Бағалау критерийлері
Поэтикалық шығарманы орындау деңгейі келесі критерийлер бойынша 5 балдық шкала бойынша бағаланады:
Жеңімпаз қатысушы жинаған балдарының мөлшері бойынша анықталады.
Қазылар алқасының құрамын байқау ұйымдастырушылары тағайындайды.
Байқау нәтижелері
Байқау қорытындысы 21 ақпанда жарияланады. Жеңімпаздарға дипломдар мен мадақтамалар табыс етіледі.
8.1.Байқауда келесі номинациялар қарастырылған:
"Ең үздік мәнерлеп оқу" (номинациясында 1 ,2, 3 орын беріледі);
"Ең сүйкімді қатысушы»;
"Ең жақсы лирикалық орындау үшін»
"Ең жас қатысушы»;
"Ең сезімтал қатысушы"
Үздік жұмыстар мен жеңімпаздардың есімдері Көкшетау қаласының қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесінің сайтына орналастырылады.
ҚАКЖ директоры А. А. Абишева
Мақаланың шыққан күні: 18.01.2021
Қаралым саны: 17344
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru