8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

''Тәуелсіздіктің құрдастары'': Тәуелсіздікпен бірге туған

Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын орай, біз Қазақстан Тәуелсіздігінің атақты құрдастары: спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері туралы сөз қозғаймыз. Егемен Қазақстанның құрдастарының арасынан теледидардан көре алмайтын, жаңалықтардан оқи алмайтын қарапайым мамандық иелерінің өкілдері аз емес. Оларда өздерінің адал еңбегімен күн сайын еліміздің дамуына өз үлестерін қосып келеді.Ұстаз мамандығы ең маңызды мамандықтардың бірі болып табылады, өйткені мұғалім әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына еңбек етеді. Орталық қалалық үлгілі кітапхансы Тәуелсіздік құрдасы ретінде Рахымжанова Кәмилә Дәуленқызын ұсынады. Камиля Дауленкызы Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. CELTA, DELTAModule 2, PISA, "Effective Teaching"халықаралық сертификаттарының иегері. "Жыл мұғалімі 2020"НЗМ ДББҰ желілік байқауының 1-орын иегері. 2020 жылы. "Онлайн Мектеп" платформасы үшін сабақ әзірлеушісі болып табылады.Өскелең ұрпақты тәрбиелеу және білім беру ісінде педагогикалық шеберлігі мен шығармашылық ізденісі үшін Кәмилә Дәуленқызы Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры мен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ Басқарма төрағасының бірқатар грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.Біздің егеменді мемлекетімізде өскелең ұрпақ үшін барлық жағдай жасалған. Тәуелсіздік бізге, ойлағаннан да көп нәрсе берді. Отанды таңдамайды, бірақ кез келген адам, өз елін көркейтіп, мықты және еркін ете алады.

Мақаланың шыққан күні: 16.03.2021

Қаралым саны: 16146

Біз әлеуметтік желідеміз