8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Шынықсаң шымыр боларсың»

Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзi шыдамды болады. Бiздiң ата — бабаларымыз «Тәнi саудың — жаны сау»- деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрiмен айналысу адамның қабiлетiне байланысты болады. Застанциондық қалалық үлгiлi кiтапхананың «Жан дауа» денсаулық клубында «Шынықсаң шымыр боларсың» атты дене сергiту өттi. Iс-шараның қонақтары «№1 отбасылық денсаулық орталығы», Застанциондық кентiнiң №1 емнасының жалпы практика дәрiгерлерi Батколлин Жанат маратұлы және жалпы практика дәрiгерi Калыбаев Тилеугабыл Жолдасұлы «Жан дауа» клубының қатысушыларына салауатты өмiр салтының алдын алу туралы айтып, тәжiрибесiнең мысалдар келтiрдi. Iс-шара қонақтары «Жан дауа» клубының қатысушыларымен дене сергiту өткiздi. Өмiрiмiз — өз қолымызда. Бiздiң бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмiр бiр- ақ рет берiледi. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күштi болғаны абзал! Жаңа ғасыр азаматы — денi сау, рухани бай адам!

Мақаланың шыққан күні: 09.06.2021

Қаралым саны: 15020

Біз әлеуметтік желідеміз