8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес -баршамызға ортақ мiндет»

Электронды кiтапханада 13 наурыз күнi сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес -баршамызға ортақ мiндет» атты ашық сұхбат алаңы өттi.Сұхбат алаңына қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру,оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсiндiру және қатысушылар арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртiп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете бiлуге тәрбиелеу. Қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы iстерге баулу, жемқорлықтың залалдарын кеңiнен түсiндiру.Iс-шараға Ақан серi атындағы Жоғары мәдениет колледжiнiң студенттерi,Жоғарғы техникалық колледж студенттерi және Ш.Уәлиханов атындағы университет студенттерi қатысты .Сұхбат барысында жемқорлыққа байланысты видеоролик көрсетiлдi. Қатысушылар жемқорлық және онымен күресу жайлы өздерiнiң ойларымен бөлiстi. Қала тұрғындары арасында жемқорлыққа қарсы жұмыс түрлерiн өткiзуге келiстi

Мақаланың шыққан күні: 13.03.2020

Қаралым саны: 25420

Біз әлеуметтік желідеміз