Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында «Туған өлке» жобасы аясында Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына «Тарихи жадыны жаңғыртқан жазушы» атты оқылған кітап экраны ұйымдастырылды.
Шарада қазақ қаламгерлері арасында ұлт тарихына қатысты алғаш болып өшпес туындылар жазып қалдырған Ілияс Есенберлиннің өмірі мен еңбек жолы туралы айтылып, дара тұлға, ұлы жазушы Ілияс Есенберлиннің бай шығармашылығына арналған «Ақиқаттың алдаспаны» атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ашық кітап көрмесіне кітапхана қорындағы жазушыға байланысты мағлұматтары бар әдебиеттер мен зерттеу материалдары, оның қаламынан туған халқымыздың жеті жүз жылдық тарихын кезеңін суреттейтін «Алтын Орда», «Қаһар», «Алмас қылыш», «Жанталас» атты тарихи романдардан тұратын «Көшпенділер» трилогиясы мен т.б еңбектері қойылды.
Іс шараға Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің студенттері және кітапхана оқырмандары қатысты.
Мақаланың шыққан күні: 06.02.2025
Қаралым саны: 296
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru