8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Тәуелсіздік ата — бабам аңсаған»

Тәуелсіздік – Қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.

12 желтоқсан күні Красный яр қалалық орталық кітапханасында «Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған» атты ашық микрофон өтті.

Мақсаты:

  1. Оқушыларға қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу.
  2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру.

Іс-шараға сол сәттің куәгерлері Базкенов Қайыртай Өтегенұлы, Сейітмағамбет Қайырбай Мәжитұлы, Қарабатыров Сайранбек Ағзамұлы , Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры Жетпісқалиев Серік Сапарұлы, Красный яр ауылының №1, №2 орта мектептері мен № 3 көпсалалы мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты. Іс-шара барысында «Көкше» мәдениет үйінің әншілері ән — шашу шашты.

Мақаланың шыққан күні: 15.12.2025

Қаралым саны: 160

Біз әлеуметтік желідеміз

Байланыстар

Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй

Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн

Телефон:
8 (7162) 50-31-21

E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru