8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР»

Красный яр қалалық орталық үлгілі кітапханасында Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық құндылықтар» атты мерекелік кеш өтті. Красный яр селолық округінің әкімі Мәкіш Серікжан Мейрамұлы сөз сөйлеп, Наурыз мерекесімен құттықтады. Кеш барысында «Әжелер» тобы ән айтып, «Бесікке салу», «Тұсау кесу» рәсімдерін өткізді. Кешке бір топ ауыл ақсақалдары мен мектеп оқушылары қатысты. Кеш соңында Қанапин Төкен Ілиясұлы бір шумақ өлеңін оқып, бата берді. Келген қонақтар наурыз көжеден ауыз тиіп, жастарға баталарын берді.

Мақаланың шыққан күні: 17.03.2024

Қаралым саны: 324

Біз әлеуметтік желідеміз