8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«ҰЛЫ ХАЛЫҚТЫҢ ҰЛЫ АБАЙЫ»

   Қазақ қалалық үлгілі кітапханасында кемеңгер ақын Абай Құнанбайұлына арналған «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты әдеби кеш өтті.

Абайдың 180 жылдығына орай өткен шараға журналист Байқал Байәділ қатысты. Ол ақынның еңбек тақырыбындағы шығармаларына ерекше тоқталып қазіргі қоғамда еңбекті насихаттауда осы туындылардың маңызын атап өтті.

«Абай оқулары» байқауының қатысушылары мен ақын өлеңдеріне ден қойған мектеп оқушылары келіп қара сөздер мен өлеңдерінен үзінділер оқыды.

Олар № 3- Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп гимназиясы ұстазы Алма Серәліқызы мен оқушылары: Рыскелдина Алма, Ибрагим Әділ, Амангелдинова Аружан, Мырзағали Мерей.

№5-мектеп «Таңдау» көп салалы гимназиясы ұстазы Нұргүл Тұрарқызы мен оқушылары: Есенғожина Нұрайым, Өтеген Гүлназ,Арғын Әнел.

№17 мектеп оқушылары; Молдабаева Инайа, Фазылова Мадина.

Бас ақынның шығармашылығына құштар жас ұрпақ мәнерлеп оқыған өлең-сөздер жиналғандарға ерекше әсер сыйлады. Ал ұстаздар Абайдың өлең-жырларымен сусындаған ұрпақтың көркем тілді, ұшқыр ойлы болатындарын атап өтті.

Сондай-ақ, кітапхананың оқырмандары да ерекше ынтамен кешке ат салысты. Тұрақты оқырман Айтқожин Елемес Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін домбырамен орындап кеш сәнін кіргізді.

Қазақ қалалық үлгілі кітапханасындағы шара ән-жырмен көркемделіп, мәнді сөздермен түйінделіп ерекше атмосферада өтті.

 

 

 

 

Мақаланың шыққан күні: 06.02.2025

Қаралым саны: 497

Біз әлеуметтік желідеміз