8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

Ұлттың ұлы тұлғасы

Зағип және нашар көретін азаматтардың қалалық арнаулы кітапханасы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай «Көксерек» атты кітабын бедерлі-нүктелі шрифтымен басып шығарып, «Ұлттың ұлы тұлғасы» атты кітап презентациясын ұсынды. Іс шараға Қазақ зағиптар қоғамының Ақмола облыстық филиалының төрайымы М.В.Тәңірбергенова; №10ОМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Қ.А. Шенгельбаева; зейнеткер- филолог Айтжан Ғабдуллина; Ш.Уәлиханов атындағы көпсалалы колледжінің студенттері – Диляра Жахина, Әмина Қайратова, Елена Ковальжи; кітапхана оқырмандары қатысты. Қонақтар жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, «Көксерек» шығармасы бойынша ойларын ортаға салып, басты кейіпкерлер туралы да айтты. Шара барысында бедерлі-нүктелі басылымнан кітапхана оқырмандары – Нұрбек Ахметжанов пен Ульяна Королькова үзінділер оқып, «Көксерек» атты аудиокітаптан да тыңдалым ұсынылып, сонымен қатар шығармадан үзінді үш тілде – мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде оқылды. Кітапхана да кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақаланың шыққан күні: 28.02.2022

Қаралым саны: 11939

Біз әлеуметтік желідеміз