8(7162)50-31-21

Көкшетау қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі» КММ

Бiздiң Қалалық ақпараттық
кiтапхана жүйесiнiң сайтына
қош келдiңiз!

«Кiтап дегенiмiз — алдыңғы
ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған
рухани өсиетi.
Кiтап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан
да тиылар едiк»
Ғабит Мүсiрепов

KÓKShETAÝ QALASYNYŃ QR-ELEKTRONDY KITAPHANASY

«Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға»

Қазақ ағартушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде және еліміздің барша өңірінде аталып өтіліп, түрлі мәдени шаралармен айшықталуда.

12 сәуір күні «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» бағдарламасының 5 жылдығына орай, Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің Бірлік қалалық үлгілі кітапханасында Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналып «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты орталық ашылды.

Мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға -Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде жастардың бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, еңбектерін жан-жақты насихаттау мен оқырмандарды А. Байтұрсынұлының әдеби мұрасымен таныстыру.

Орталықтың ашылуында, Алматы қаласы Ахмет Байтұрсынұлы музей үйі қорынан алынған құжаттар көшірмесі пайдаланылды.

Іс-шараға Ақмола облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Қаратай Бәйкенұлы Төлекеев, Қалалық мәдениет, және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Күнім Абдысалыққызы Уразбаева, «Тiлдердi оқыту орталығы» КММ-нiң директоры Гүлдана Әлмұқанқызы Есмурзина, А.Байтұрсынұлы мұраларын, ғылыми еңбектерін насихаттап жүрген Ш.Уәлиханов атындағы мемлекеттік университетінің профессоры Сабит Жәмбек, мектеп ұстаздары, оқырмандар қатысып, өз-ойларымен бөлісті.

Кітапханашы «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты кең ауқымды кітап көрмесімен таныстырырды. Біржан сал атыңдағы музыкалық колледжінің студенттері «Балбырауын», «Көңілашар» күйлерін орындап, №22 мектеп оқушылары ақын жырларынан үзінділер оқыды.

Мақаланың шыққан күні: 12.04.2022

Қаралым саны: 14542

Біз әлеуметтік желідеміз