18 қараша күні Красный яр қалалық үлгілі кітапханасында қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай, «Қазақтың жарық жұлдызы» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты: ғалымның өмір тарихымен, шығармашылығы мен саяхаттары, зерттеулерімен таныстыру. Шоқан шығармашылығын тану. Қысқа да саналы ғұмырында артына қалдырған сан қырлы ғылыми еңбектері туралы кеңінен мағлұмат беру, елі, халқы үшін істеген игі істерін мақтан ету, үлгі ету.
Шараға Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Аманай Сейітқасымов, Красный яр ауылының №3 көпсалалы мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Нұралинов Ренат Мусжанұлы, №1 орта мектебінің тарих пәнінің ұстазы Бадымова Жанель Жангалиевна, оқушылар, оқырмандар қатысты.
Шара барысында Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Аманай Сейітқасымов ғалымның өмірі мен ғылыми мұрасы жайлы мазмұнды баяндама жасады. Красный яр ауылының №3 көпсалалы мектеп гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Нұралинов Ренат Мусжанұлы ғалымның Қашғарға саяхаты жайлы, №1 орта мектебінің тарих пәнінің ұстазы Бадымова Жанель Жангалиевна Шоқан мұрасының ұрпаққа өнегесі жайлы көлемді баяндамалар жасады. Кітап көрмесі қойылып, оқырмандарға шолу өткізілді. Қазақтың біртуар перзенті жайлы ақын —жазушыларымыздың шығармашылығынан өлеңдер оқылып, кеш әсем әнмен әрленді.
Мақаланың шыққан күні: 19.11.2025
Қаралым саны: 829
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru