10 желтоқсан күні «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана №1 мектеп –гимназиясының акт залында «Тәуелсіздік – ұлттық өрлеудің ұлы күші» атты тарихи сағат ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқушылардың тарихи танымдары мен сана-сезімдерін ояту, ұлттық болмысымызды насихаттап, ел бірлігінің кепілі руханиятқа жеткізетінін ұғындыру.
Қазіргі жаһандану заманында өзінің ұлттық бірегейлігін терең ұғынған, соған орай қимылдайтын халық қана алпауыт мемлекеттердің жемсауында кетпей, тарих сахнасында сақталып қала алады. Кезінде Ә. Бөкейханов: «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынан өзі де жоғалуға бейім тұрады…», деп жазған болатын. Шараның құрметті қонағы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Сейтқасымов Аманбай Асылбайұлы жас ұрпаққа тарих – тәрбиеші, ұлттың бағдаршамы, жол сілтеушісі екендігін ұғындырып, бағдары жоқ ел де, оның азаматтары да тарих айдынында компассыз жүргендермен тең екендігіне тоқталды. Жоғары буын оқушыларына тарихтың бетін қалқымай, оған тереңірек үңілуге, тәуелсіздікті қадірлей білуге шақырды. Тәуелсіздік жылнамасы туралы мағлұмат берді.
Кітапханашылар тақырыптық көрмеге шолу жасады.

Мақаланың шыққан күні: 11.12.2025
Қаралым саны: 953
Мекен–жайы:
Көкшетау қаласы, Потанин көшесі, 53 үй
Жұмыс уақыты:
Дс-Жм: 10:00-19:00
Сн: 10:00-18:00
Жк: Демалыс күн
Телефон:
8 (7162) 50-31-21
E-mail:
mbo_gibs_kokshetau@mail.ru